Жаңалықтар тізбегі
0

Павлодардың қызметінен босатылған бұрынғы әкімі жаңа лауазымға тағайындалды

Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы , сурет - Zakon.kz жаңалық 20.09.2023 16:48 Сурет: Instagram/yerzhan_imanzaipov
2023 жылғы 4 қыркүйекте Ержан Иманзаипов Павлодар қаласының әкімі қызметінен босатылған еді. Бүгін, 20 қыркүйекте экс-әкімнің жаңа қызметке тағайындалғаны жария болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Облыстық әкімдік бұл ақпаратты растады.
"Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысы болып Ержан Иманзаипов тағайындалды, ол Павлодар қаласының әкімі қызметінен жағымсыз себептермен босатылған жоқ". Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ержан Бейбітұлы Иманзаипов 1984 жылы туған.

2006 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін өнеркәсіптік жылуэнергетика мамандығы бойынша, 2010 жылы – Алматы экономика және статистика академиясын қаржы мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 2006 жылдың наурызында Павлодар қаласы "Павлодарэнерго" акционерлік қоғамының машинист-қараушысы болып бастады.

"Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінде тұрғындармен жұмыс жөніндегі бөлімнің бас маманы; Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс істері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитетінің жетекші маманы болып істеді.

2007 жылдың наурызынан бастап 2014 жылдың сәуіріне дейін Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелерінде жетекші маман лауазымынан Департамент директорының орынбасары лауазымына дейін қызмет етті.

Павлодар және Екібастұз қалалары әкімінің орынбасары, Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы, Екібастұз, Павлодар қаласының әкімі қызметтерін атқарған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: