Қазақстан Байқоңырды Ресейге жалға беру құнын көтермейді
27 қыркүйекте мәжіліс алаңында ЦДИАӨМ Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов Ресей үшін Байқоңырды жалға беру ақысы өзгеріссіз қалатынын айтты. Ол журналистердің "Инфляция мен валюта бағамының ауытқуына байланысты Қазақстан Байқоңырды Ресейге жалға беру ақысын өзгерте ме?" деген сауалына осылай деп жауап берді.
"Біріншіден, мұны ешнәрсемен салыстыра алмаймыз. Бір ел екінші елден ғарыш айлағын жалға алып отыр деген жағдай әлемде біреу ғана. Мұндай басқа ешжерде жоқ. Бағаның қаншалықты әділ екенін айту үшін оны салыстыратын ештеңе жоқ. Екіншіден, келісім доллармен қарастырылған. Сондықтан төлемдер ұлттық валютамен жүргізілсе, онда ол қазіргі валюта бағамына тең. Бұл да - индексацияның бір түрі".Руслан Әбдіқалықов
Министрлік өкілі келісімнің доллар бағамы мүлде басқаша болған 1994 жылы жасалғанын көрсетті. Қазір біз басқа сома туралы айтып отырмыз және бұл белгілі бір дәрежеде индекстеу қажеттігін өтейді. Сондықтан Қазақстан Байқоңырды жалға алу ақысын қайта қарауды жоспарлап отырған жоқ, деп түйіндеді сөзін Руслан Әбдіқалықов.
Бұған дейін "Байқоңыр" ғарыш айлағындағы "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенінің ұшу сынақтарының басталуы 2025 жылға шегерілетіні белгілі болды.