Тоқаев Германия канцлерімен бетпе-бет форматында келіссөз жүргізді

Ресми сапар, Қасым-Жомарт Тоқаев, Олаф Шольц, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.09.2023 18:05 Сурет: akorda.kz
Германияға ресми сапары барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Федералдық канцлер Олаф Шольцпен бетпе-бет форматында келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Келіссөз барысында тараптар екіжақты қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, қазақ-герман байланыстарын одан әрі кешенді түрде нығайтуға өзара мүдделі екенін растады, делінген Ақорда хабарламасында.

Екі ел басшылары ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын айқындап, сауда-экономика, инвестиция, көлік-логистика, "жасыл энергетика" және басқа да салалардағы ықпалдастықты жандандыруға уағдаласты.

Президент пен Канцлер өңірлік және халықаралық өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты, сондай-ақ жоғары деңгейде өтетін "Орталық Азия – Германия" кездесуінің күн тәртібін талқылады.

Тоқаев 2023 жылдың 28 қыркүйегінде Германияға ресми сапармен барды. Мемлекет басшысының шет мемлекетке келіп жеткен сәтінің суреттері мен видеосы Telegram-дағы Ақорданың ресми парақшасында жарияланды.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: