Тоқаев ГФР Федералдық президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен кездесті

 ГФР Федералдық Президенті, Қазақстан президенті. Германия, саясат, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.09.2023 15:08 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ГФР Федералдық президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тараптар Германия Президентінің таяуда Қазақстанға жасаған сапары аясында қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын қарастырды, деп мәлімдеді Ақорданың баспасөз қызметі.

"Атап айтқанда, энергетика, транзит, логистика, пайдалы қазбаларды игеру, жаңартылатын энергия көздері, ауыл шаруашылығы және цифрландыру секілді ынтымақтастықтың басым бағыттарына қатысты бірлескен жұмыстарды талқылады", – делінген хабарламада.

Келіссөз барысында мәдени-гуманитарлық байланыстарды, сондай-ақ екі елдің ғылыми және білім беру ұйымдары арасындағы қатынастарды нығайту мәселесіне баса мән берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франк-Вальтер Штайнмайер Қазақстан мен Германияның көпжақты ынтымақтастығын одан әрі нығайту үшін бірлескен іс-қимылдарды арттыра түсуге уағдаласты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: