Тоқаев Франк-Вальтер Штайнмайердің шақыруымен Германияға ресми сапармен барды

Ресми сапар, Германия, Тоқаев, Франк-Вальтер Штайнмайер, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.09.2026 21:03 Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Федеральдық президент Франк-Вальтер Штайнмайердің шақыруымен Германияға ресми сапармен барды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сапар аясында Берлинде ГФР Президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен және Федеральдық Канцлер Фридрих Мерцпен келіссөздер жоспарланған, деп хабарлады 2026 жылы 28 қыркүйекте Ақорданың баспасөз қызметі.

Ресми сапар, Германия, Тоқаев, Франк-Вальтер Штайнмайер, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.09.2026 21:03

Сурет: Ақорда

Тараптар Қазақстан мен Германия арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайту перспективасын талқылайды.

Ресми сапар, Германия, Тоқаев, Франк-Вальтер Штайнмайер, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.09.2026 21:03

Сурет: Ақорда

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Мюнхен қаласына барады.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Германияның маңдайалды компанияларының, қаржы және ғылыми институттарының жетекшілерімен, жоғары оқу орындарының ректорларымен кездесу өткізуді жоспарлап отыр.

Ресми сапар, Германия, Тоқаев, Франк-Вальтер Штайнмайер, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.09.2026 21:03

Сурет: Ақорда

Президент Берлинде бизнес-форумға және Мюнхенде технологиялық бизнес-форумға қатысады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: