Президент міндетін адал атқарып келе жатқан барша ұстаздарға алғысын білдірді
Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық педагогтер съезінде сөз сөйледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысының айтуынша, жаңа дәуірде мектептің жағдайы мемлекеттің дамуына тікелей ықпал етеді. Ал мектептің қандай болмағы ұстазға байланысты.
"Бүгінде педагогика саласы ғылымның ең маңызды тармағының біріне айналды. Сондықтан бұл салаға түбегейлі жаңа көзқарас қажет. Заманауи технологияның көмегімен білім беру жүйесін жедел әрі тиімді жаңғыртуға болады. Біз білім саласын ең үздік халықаралық стандарттарға сай дамытуымыз керек". Қасым-Жомарт Тоқаев
Тоқаев "Ұстазы талантты болса, шәкірті талапты болады" деген сөзді мысалға келтірді.
"Мұғалімдердің қажырлы еңбегі және оқушылардың дарыны мен талабы нақты жемісін беріп жатыр. Өрендеріміз ширек ғасырда әлемнің ең беделді пән олимпиадаларынан 12 мыңға жуық медаль иеленді. Бұл – Израиль, Түркия, Канада сияқты білім сапасы жоғары мемлекеттермен шамалас көрсеткіш. Осының бәрі – сіздердің табанды еңбектеріңіздің арқасы. Мен түрлі қиындыққа қарамастан, міндетін адал атқарып келе жатқан барша ұстаздарға зор алғысымды айтамын". Президент
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript