"Хабар 24" арнасының директоры ҚР президенті баспасөз хатшысының орынбасары болды
Сурет: khabar.kz
Эльдар Бақпаев ҚР президенті баспасөз хатшысының орынбасары болып тағайындалды. Бұған дейін ол "Хабар 24" телеарнасын басқарған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл жаңалықты 6 қазанда президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли жариялады.
"Отандық телевизияда өзіндік қолтаңбасы қалыптасқан, мемлекеттік қызметте де едәуір тәжірибе жинаған Эльдар Құсманұлы Бақпаев Қазақстан Республикасы президенті баспасөз хатшысының орынбасары лауазымына тағайындалды", – деп жазды Берік Уәли.
Берік Уәли 12 қыркүйектен бері ҚР президентінің баспасөз хатшысы қызметін атқарып келеді. Ол мемлекет басшысының баспасөз қызметін алты күн ғана басқарып, денсаулығына байланысты қызметінен кетуге мәжбүр болған Нұрмұхамед Байғараевтың орнына тағайындалды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript