Ержан Байтілес Қазақстан президенті баспасөз хатшысының орынбасары болды
Сурет: akorda.kz
Қазақстан президентінің баспасөз хатшысының жаңа орынбасары болып Ержан Байтілес тағайындалды. Ол бұған дейін ҚР Мемлекеттік хатшысы хатшылығы меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарған еді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли айтты.
"Белгілі журналист Ержан Байтілес бүгіннен бастап Қазақстан Республикасы Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары қызметіне кірісті. Ол бұған дейін ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары болып еңбек еткен болатын. Әріптесімізге сәттілік тілейміз!" – деп жазды ол Facebook-те.
Ержан Байтілес 1981 жылы 14 мамырда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін журналистика мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек өтілі:
- "Қазақстан" газетінің тілшісі (2001-2005);
- Республикалық "Ақ жол Қазақстан" газетінің аға тілшісі, "Алматы ақшамы" газетінің бөлім меңгерушісі, "Ақшам-ақпарат" тобының жетекшісі (2005-2008);
- Республикалық "Ана тілі" газеті бас редакторының бірінші орынбасары (2008-2011);
- Республикалық "Егемен Қазақстан" газетінің меншікті тілшісі (01.2011-2016);
- "Нұр Отан" партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары (02.02.2018-25.08.2019 ж.);
- ҚР Президентінің баспасөз қызметі секторының меңгерушісі (01.10.2019-06.2021);
- ҚР Мемлекеттік хатшысы Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары (06.2021 ж. бастап).
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript