Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев экспорттық әлеуеті жоғары күріш шаруашылығын одан әрі жетілдіруді тапсырды

Күріш зауыты, Қызылорда облысы, Қасым-Жомарт Тоқаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.10.2023 19:07 Сурет: akorda.kz
Қызылорда облысында жұмыс сапарымен жүрген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Алтын орда" күріш зауытымен танысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кәсіпорын директоры Сағидулла Сыздықовтың айтуынша, зауыт жылына 30 мың тонна ақталған күріш өндіреді. Өнімнің басым бөлігі ішкі нарыққа, сонымен қатар көршілес елдерге өткізіледі.

"Президентке Қызылорда облысындағы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өнімдері таныстырылды. Көрмеге күріш өсірумен айналысатын ірі кәсіпорындардың тауар түрлері, сондай-ақ ет, сүт, кондитер және балық өнімдері, көкөністер мен жемістер қойылған", делінген Ақорда баспасөз қызметінің хабарламасында.

Мемлекет басшысы Сыр бойы диқандары мен шаруаларының еңбегіне табыс тіледі. Сондай-ақ тек күріш өсірумен шектелмей, агроөнеркәсіп саласын әртараптандыру, әсіресе, суды аз қажет ететін дақылдарды өсіру маңызды екеніне назар аударды.

Дегенмен Президент экспорттық әлеуеті жоғары дәстүрлі күріш шаруашылығын одан әрі жетілдіруге де баса мән беру қажеттігін атап өтті.

Бұл ретте Ыбырай Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты украиналық мамандарымен бірлесіп, күріштің басқа да сорттарын жерсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев осы өндірістік кешен аумағында былтыр іске қосылған "Ассоль" тұз өндіру зауытын да аралап көрді. Аралдың тұзын кәдеге жаратып, ас тұзын шығаратын кәсіпорында 130 адам жұмыспен қамтылған. Өнім көршілес Ресеймен қатар, Латвия, Литва, Эстония, Беларусь мемлекеттеріне экспортталады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: