Жаңалықтар тізбегі
0

Мәулен Әшімбаев: Біз Таяу Шығыстағы шиеленіске алаңдаймыз

Мәулен Әшімбаев: Біз Таяу Шығыстағы елеулі шиеленіске алаңдаймыз, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.10.2023 11:10 Сурет: senate.parlam.kz
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Палестина-Израиль жанжалына тоқталды. Ол тараптарды жағдайды бейбіт жолмен шешу үшін саяси құралдарды іздеуге шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

11 қазанда Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының отырысында Мәулен Әшімбаев 20 жыл ішінде Съезд әлемдік және дәстүрлі діндердің жоғары лауазымды тұлғалары мен ең беделді өкілдерін біріктіретін бірегей диалог алаңына айналғанын айтты.

"Бүгінде әлемдік дін көшбасшыларының даналығының арқасында адамзат ХХІ ғасырдың басында өркениеттер қақтығысы сценарийінен аулақ болды", - деді Мәулен Әшімбаев.

Оның айтуынша, діни көшбасшылар табысты диалог пен өзара түсіністіктің үлгісін көрсетіп жатқанда әлемдік саясатта келіспеушіліктер мен қақтығыстар артып келеді.

"Біз ірі державалар арасындағы геосаяси бәсекелестіктің күшейгенін және халықаралық қауіпсіздік жүйесінің эрозиясын көріп отырмыз. Өкінішке қарай, Украинадағы және басқа да ыстық нүктелердегі қантөгісті тоқтату әрекеттері әлі нәтиже берген жоқ. Біз барлығымызды Таяу Шығыстағы елеулі шиеленістер, бейбіт тұрғындардың көп қырылуына әкелген Палестина-Израиль қақтығысының шиеленісуі алаңдатады. Осындай жағдайда біз жағдайды одан әрі шиеленістіруге әкелетін әрекеттерге бармай, бейбіт жолмен шешу үшін саяси құралдарды іздеуге шақырамыз", - деді сенат спикері.

Израиль мен Палестина арасындағы қақтығыс 7 қазанда палестиналық Хамас қозғалысының содырлары Израильге шабуыл жасағаннан кейін өрши түсті. Израиль әскерлері содырларды өз аумағынан қуып шығып, Палестина аумағына күшті жауап соққысын жасап, 9 қазанда Газа секторын толық қоршауға алғанын жариялады.

Кейіннен ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров брифингте "Қазақстан Палестинаның ХАМАС ұйымын террористік деп тани ма?" деген сұраққа жауап берді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: