"Құтты мекен": Елімізде қандастарға арналған қолданба пайда болды
Сурет: pexels
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен ҚР Туризм және спорт министрлігі этникалық қазақтардың "қандас" мәртебесін алуға өтініш беру процесін жеңілдету үшін "eQonaq" ақпараттық жүйесі негізінде құрылған "Kutty meken" бірлескен жобасын іске қосты.
"Kutty meken" – этникалық қазақтарға қандас мәртебесін беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған мобильді қолданба. Мобильді қолданбаның функционалы мемлекеттік қызмет көрсету процесін едәуір жеңілдетеді. Оның көмегімен шетелде жүрген этникалық қазақтар өздері тұрған елдің аумағынан шықпай-ақ "қандас" мәртебесін алуға өтініш бере алады.
"Kutty meken" жобасын іске асыру уақытты үнемдеуге және құжаттармен жұмыс істеу процесін жеңілдетуге мүмкіндік береді. Аталған қосымшаны пайдалану үшін Android және IOS қолданушылары Play Market және App Store-дан жүктеп алуына болады", - делінген министрлік хабарламасында.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript