Қазақстанда қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту қоры пайда болады

Қазақстанда қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту қоры пайда болады, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.10.2023 10:27 Сурет: primeminister.kz
Көлік министрлігі "Қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту қоры" АҚ құру туралы" үкімет қаулысын дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Жарғылық капиталына мемлекеттің 100 пайызы қатысатын "Қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту қоры" акционерлік қоғамын құру", - делінген құжатта.

Қор қызметінің негізгі бағыты – отандық ғылыми-техникалық әзірлемелерді қаржылай қолдау және әскери-өнеркәсіптік кешендегі ұйымдарды жаңғырту.

Қордың жарғылық капиталы республикалық бюджеттен 265 722 000 теңге сомасында қалыптасады. АҚ акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығы ҚР Индустрия және құрылыс министрлігіне беріледі.

Құжат 26 қазанға дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтына жарияланған.

Бұған дейін Қазақстан әскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның бірыңғай операторын анықтағанын айтқан едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: