Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту қоры құрылды

Қазақстанда қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту қоры құрылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.12.2023 12:40 Сурет: Алматы әкімдігі
Қазақстан Үкіметі 2023 жылғы 15 желтоқсандағы "Әскери-өнеркәсіп кешенін дамыту қоры" акционерлік қоғамын құру туралы" қаулы қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Жарғылық капиталына мемлекеттің 100 пайызы қатысатын "Қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту қоры" акционерлік қоғамын құру", - делінген құжатта.

Қор қызметінің негізгі бағыты – отандық ғылыми-техникалық әзірлемелерді қаржылық қолдау және әскери-өнеркәсіп кешендегі ұйымдарды жаңғырту.

Акционерлік қоғамның жарғылық капиталы республикалық бюджет қаражаты есебінен. Ол 265 722 000 (екі жүз алпыс бес миллион жеті жүз жиырма екі мың) теңге сомасында.

Компанияның мемлекеттік акциялар пакетін иелену және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының Индустрия және құрылыс министрлігіне беріледі.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: