Тоқаев Үрімжі қаласына келіп жетті

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қытай, ресми сапар, Үрімжі қаласы, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.10.2023 18:16 Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасына ресми сапары аясында Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының орталығы Үрімжі қаласына келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Президенті Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы ҚКП хатшысы Ма Синжуймен кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр, делінген Ақорда баспасөз қызметінің хабарламасында.

Кездесу барысында аймақтық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланады.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бейжіңге ресми сапарының екінші күні "Бір белдеу, бір жол" халықаралық ынтымақтастығының III форумының ашылу рәсіміне қатысудан басталды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: