Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев тұрақтылыққа сына қағатын кез келген сөз бен әрекетке қатаң тосқауыл қойылатынын ескертті

Әлемдік ахуал, мемлекеттілік тұрығы, Қазақстан президенті, заң үстемдігі, тәртіп, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.10.2023 12:08 Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне орай ұйымдастырылған жиында әлемдегі саяси және экономикалық ахуалды сөз ете келе, елімізде тәртіп пен заң үстемдігін орнықтыру маңызды екенін атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің пайымдауынша, мемлекеттілік тұғырын нығайта түсу үшін заң үстемдігін орнықтыру өте маңызды.

"Тәртіпке бағынған қоғам өркениетті болады. Бұл – заңдылық. Әр азамат еліміздің заңын құрметтесе, береке-бірлік те, бақуатты тұрмыс та болады. Әділетті Қазақстанды құру үшін құқықтық мәдениетті дамыту қажет. Заңсыздық, тәртіпсіздік, мәдениетсіздік елді жарға жығады. Мұндай жағымсыз үрдістерге бүкіл қоғам болып қарсы тұруымыз керек. Осыны санаға мықтап сіңірген жөн. Біз біртіндеп қоғамды өзгерту және демократия қағидаттарын енгізу жолынан айнымаймыз", – деді ол.

Қасым-Жомарт Тоқаев әлемде саяси және экономикалық ахуал құбылып тұрған заманда "заң және құқық үстемдігін қамтамасыз ету өте маңызды" екенін баса айтты.

"Мемлекет радикализмнің, экстремизмнің, құқықтық нигилизмнің және тұрмыстық вандализмнің кез келген көрінісіне мүлдем төзбеушілік саясатын ұстанатын болады. Еліміз өктемдік пен өшпенділікке, қоғамдық тәртіпті аяқ асты етуге, зорлық-зомбылыққа шақыруға, азаматтардың ар-намысын таптайтын әрекеттер жасауға жол бермейді.Заңға қайшы келетін, азаматтардың арасына іріткі салатын және тұрақтылыққа сына қағатын кез келген сөз бен әрекетке қатаң тосқауыл қояды. Бұл талапқа бағынбау мемлекетке де, қоғамға да қарсы шығу деп бағаланады".Қасым-Жомарт Тоқаев

Президенттің пікірінше, мұның бәрін, әсіресе, ел алдында жүрген және халыққа сөзі өтімді азаматтар терең түсінуі керек.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: