Заң мен Тәртіп идеологиясы күнделікті өмірдің барлық саласында қатаң сақталуға тиіс – Тоқаев

Касым-Жомарт Токаев, президент Республики Казахстан, президент РК, глава государства , сурет - Zakon.kz жаңалық 10.04.2026 13:33 Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамда заң үстемдігін және тәртіп мәдениетін түбегейлі орнықтырудың маңызын атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің айтуынша, заң мен тәртіп идеологиясы күнделікті өмірдің барлық саласында, соның ішінде қоғамдық орындардағы мінез-құлықтан бастап көлік жүргізу мәдениетіне дейін қатаң сақталуы тиіс.

"Заң мен тәртіп идеологиясы күнделікті өмірдің барлық саласында қатаң сақталуға тиіс", – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев жол қауіпсіздігі мәселесіне ерекше назар аударып, жыл сайын жол-көлік оқиғалары салдарынан мыңдаған адамның қаза табатынын еске салды. Оның айтуынша, жол инфрақұрылымы жаңартылғанына қарамастан, қайғылы жағдайлар азаймай отыр.

Президент бұл мәселені Үкімет пен қоғам бірлесіп шешуі қажет екенін айтты.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы азаматтардың жол ережелерін мүлтіксіз сақтау мәдениетін қалыптастырудың маңызды екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қарсы әрекеттер мен тәртіп бұзушылықтарды тоқтату қажеттігін де жеткізді.


"Полицейлермен тәжікелесу, тіпті оларға шабуыл жасау фактілерін тыю қажет", – деді Президент.

Мемлекет басшысы өркениетті қоғам құру үшін дәрігерлер, мұғалімдер және өзге де мамандардың ар-намысына нұқсан келтіретін әрекеттерге заң аясында қатаң тосқауыл қойылуы тиіс екенін атап өтті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: