Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Жарғысын бұрмалауға болмайтынын айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық құқық пен жаһандық тұрақтылық мәселелеріне тоқталып, БҰҰ Жарғысының маңызын атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 22.04.2026 13:16 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық құқық пен жаһандық тұрақтылық мәселелеріне тоқталып, БҰҰ Жарғысының маңызын атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент қазіргі кезеңді "беталысы беймәлім аумалы-төкпелі уақыт" деп сипаттап, оның өңірлік және жаһандық тұрақтылыққа, сондай-ақ миллиондаған адамның тұрмыс сапасына елеулі әсер етіп отырғанын айтты.

"Халықаралық құқықтың негізі саналатын БҰҰ Жарғысының бұлжымас беріктігі туралы жиі айтылады. Әйтсе де, ол – қалауыңа қарай тапсырыспен алдыратын жеңсік ас емес", – деді Мемлекет басшысы.

Тоқаевтың айтуынша, БҰҰ Жарғысын тұтас әрі бірізді құжат ретінде қабылдап, оның қағидаттарын толық сақтау қажет.

Сондай-ақ ол әлемнің соңғы онжылдықтарда түбегейлі өзгергенін, оның ішінде жасанды интеллекттің күнделікті өмірге кеңінен еніп жатқанын атап өтті.

Президент БҰҰ-ның әлі күнге дейін баламасы жоқ әмбебап диалог алаңы екенін айтқанымен, қазіргі жаһандық мәселелерді шешуде халықаралық институттардың әлеуеті кей жағдайда жеткіліксіз болып отырғанын жеткізді.

"БҰҰ Жарғысын халықаралық қарулы қақтығыстарда өз ыңғайымызға қарай қолданудан аулақ болуымыз қажет", – деді Тоқаев.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы көпжақты институттарға деген сенімнің әлсіреуіне жол бермеу керектігін айтып, халықаралық қауымдастықты жауапкершілікпен әрекет етуге шақырды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: