Лакшми Миттал инвесторлар тізімінен шыққаннан кейін AMT атауы өзгереді
Cурет: wikimedia
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев үкіметте өткен баспасөз мәслихатында үнділік кәсіпкер Лакшми Миттал кәсіпорын акционерлерінен шыққаннан кейін өндірістің атын өзгертуге тура келеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қанат Шарлапаев үкіметтің "АрселорМиттал" компаниясымен ұзақ уақыт бойы келіссөз жүргізгенін атап өтті.
"Біз 22 қазанда "АрселорМиттал" компаниясымен алдын ала құжаттарға қол қойдық. "АрселорМиттал" қол қою шахтадағы қайғылы оқиғаға дейін болғанын растады. Бұған дейін үкімет пен "АрселорМиттал" арасында ұзақ жұмыс кезеңі болды.Қанат Шарлапаев
Қазір үкімет инвестор AMT акционерлерінен бас тартқаннан кейін оны Қазақстанда одан әрі сот процестерінен қорғау үшін жұмыс істеп жатыр. Компания да атын өзгертуге мәжбүр болады.
"Арселор қазақстандық кәсіпорынның акционерлерінен шығуына байланысты біз Aрселор атауын пайдалануға құқығымыз болмайды. Шынымызды айтсақ, біз әлі қарастырған жоқпыз (аты қандай болатынын. - ред). Бірақ ең бастысы зауыт қызметкерлерінің пікірін ескеруіміз керек деп ойлаймын".Қанат Шарлапаев
Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада қайғылы оқиға қазанның 28-іне қараған түні болды. Жарылыс кезінде шахтада 252 адам болған, 206 кенші жер бетіне шыққан.
Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов іздестіру-құтқару кезінде болжам бойынша 46 құрбанның сүйегі табылғанын айтты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript