Путин: Ресей Қазақстанды азық-түлікпен үздіксіз қамтамасыз етуге ниетті
Сурет: akorda.kz
Владимир Путин Қазақстан мен Ресейдің XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумында сөйлеген сөзінде Ресей Федерациясы Қазақстан нарығын қазіргідей ауыл шаруашылығы өнімдерімен және азық-түлікпен үздіксіз қамтамасыз етуге дайын екенін атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол екі ел арасында ауыл шаруашылығы саласында өзара сауда және инвестициялық айырбас артып келе жатқанын атап өтті.
"Қасым-Жомарт Кемелұлы менімен келіседі деп ойлаймын: аграрлық сектордағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту – Ресейдің де, Қазақстанның да экономикалық саясатының басым бағыттарының бірі. Шындығында, ауыл шаруашылығына арналған арнайы өңіраралық форумның өткізілуі осыны растайды".Владимир Путин
Путин Ресей Қазақстанға бидай (импорттың 98%-ы), арпа (осыншама мөлшерде), құс еті (80-90%), қант (70%-ға дейін), ашытылған сүт өнімдері (60-70%) сияқты өнім топтарының негізгі жеткізушісі болып саналатынын айтты.
"Жалпы, 2022 жылы ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түліктің екіжақты тауар айналымы 22 пайызға артып, төрт миллиард долларға жетті, осы жылдың алғашқы жеті айында тағы үш пайызға өсті. Ал біздің еліміз Қазақстандағы әріптестеріміз бен достарымыздың қажетіне қарай Қазақстан нарығын осы және басқа да көптеген қажетті азық-түлік түрлерімен үздіксіз қамтамасыз етуге ниетті". Владимир Путин
Ресей президенті Владимир Путин 9 қараша күні Қазақстанға ресми сапармен келді. Сапар барысында екі ел басшыларының келіссөздері жоспарланған. Оның барысында Қазақстан-Ресей стратегиялық серіктестігінің өзекті мәселелері талқыланады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript