Жаңалықтар тізбегі
0

Қуантыров Тоқаевқа "Тарифті инвестицияға айырбастау" бағдарламасының іске асырылуы жөнінде баяндады

Қазақстан президенті, Ұлттық экономика министрі, экономика, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.11.2023 17:32 Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровты қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысына еліміздің биылғы 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының алдын-ала нәтижелері туралы есеп берілді, деп жазды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2023 жылдың қорытындысы бойынша жалпы ішкі өнімнің өсімі 5 пайыз көлемінде болады деген болжам жасалып отырғаны жөнінде баяндалды. Бірінші жартыжылдықта шетелден тартылған тікелей инвестиция көлемі 13,3 миллиард долларға жетті. Жылдық инфляция 2 есе, яғни 10,8 пайызға дейін (ақпан айында 21,3 пайыз) төмендеді.

"Әлібек Қуантыров жалпы ішкі өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі 36,4 пайызға жеткенін мәлімдеді. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Шағын және орта бизнес өндірген өнім көлемі 28 триллион теңгеден асты. Бұл салада 4,3 миллион адам жұмыспен қамтылған. Биыл 9 мың жобаға субсидия берілді. Несиенің жалпы көлемі – 669 миллиард теңге", - делінген хабарламада.

Мемлекет басшысына бизнесті тексеру ісін 2 есе азайту үшін кәсіпкерлік саласына жаңа реттеу саясаты енгізілетіні туралы мәлімет берілді. Міндетті талаптар реестрі жасалып, сын-қатерлерді басқару жүйесі автоматтандырылады.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа жаңа Бюджет және Салық кодекстерінің әзірлену барысы, сондай-ақ инвестициялық саясат, мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту шаралары туралы айтылды.

Бұдан бөлек, Ұлттық экономика министрі "Тарифті инвестицияға айырбастау" бағдарламасының жүзеге асырылуы жөнінде баяндады. Атап айтқанда, биыл 267 миллиард теңге инвестиция тарту, 5,8 мың шақырым желіні жөндеу, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласы қызметкерлерінің жалақысын 50 пайызға көтеру, желілердің тозу деңгейін 3,2 пайызға азайту жоспарланып отыр.

Президентке Ауылдық аумақтарды дамыту тұжырымдамасының іске асырылуы жайында мәлімет берілді. "Ауыл – ел бесігі" бағдарламасы іске қосылғалы бері республикалық бюджеттен қаржыландыру көлемі 7 есе артты. Биыл 771 ауылда 1,8 мың жобаны орындау жоспарланып отыр.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев сапалы және орнықты экономикалық өсімді қамтамасыз ету, сондай-ақ реформаларды тиімді жүргізу жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: