Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов президентке есеп берді

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов президентке есеп берді , сурет - Zakon.kz жаңалық 13.11.2023 18:40 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовті қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тимур Сүлейменов:

  • Ұлттық банктің биылғы қаңтар-қазан айларында жүзеге асырған ақша-кредит саясатының нәтижелері жөнінде есеп берді;
  • Қазақстан экономикасының жағдайы, инфляцияны төмендету шаралары, сондай-ақ алтын-валюта қорының, БЖЗҚ мен Ұлттық қор активтерінің жай-күйі туралы баяндады;
  • цифрлық теңгені іске қосуға дайындық жұмыстарының барысы және цифрлық қаржылық инфрақұрылымды дамыту жоспары жайында мәлімет берді;
  • экономиканы кредиттеу ісін ынталандыру үшін тиісті шаралар әзірлеуге қатысты Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларының орындалу барысы туралы ақпарат берді;
  • ұлттық валютамыз – теңгенің 30 жылдығын атап өтуге дайындық жұмыстары жөнінде айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев ақша-кредит саясатын тиімді жүзеге асыруға бағытталған бірқатар міндет жүктеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: