Жаңалықтар тізбегі
0

Президентке Ұлттық банктің биылғы ақша-кредит саясатының алдын ала қорытындылары туралы есеп берілді

Тоқаев Ұлттық банктің төрағасын қабылдады, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.12.2022 15:30 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа сыртқы және ішкі нарықтардағы ахуал, инфляцияның өсу қарқыны мен оның болжамы, сондай-ақ алтын-валюта резервтерінің жай-күйі жөнінде баяндалды. Кездесу барысында Ұлттық банктің қабылдаған шаралары теңгелей салынған депозиттердің бұрын-соңды болмаған деңгейге дейін өсуіне, валюта нарығын тұрақтандыруға және экономиканы кредиттеу өсімін жалғастыруға оң ықпал еткені атап өтілді. 

Президентке цифрлық теңгені енгізу қажеттігіне қатысты жүргізілген зерттеу қорытындылары баяндалды. Ғалымжан Пірматовтың айтуынша, нарық қатысушылары, нақты тұтынушылар мен сауда-сервистік кәсіпорындарының қатысуымен өткен цифрлық теңге платформасын тестілеу сәтті болды. Цифрлық теңгенің енгізілуі қолма-қол ақшасыз төлемнің қолжетімділігін арттырып, мемлекеттік шығындардың ашықтығын қамтамасыз етеді және инновациялық қаржы өнімдерін жасауға  мүмкіндік береді. Ұлттық банк төрағасы цифрлық теңге  2025 жылдың соңына дейін қолданысқа енгізілетінін жеткізді.  Цифрлық теңгені айналымға енгізу  жоспары үш кезеңнен тұрады. Мемлекет басшысы жобаны одан әрі жүзеге асыру жөнінде міндет жүктеді. 

Кездесу  соңында Қасым-Жомарт Тоқаев ақша-кредит саясатын тиімді іске асыруға бағытталған бірқатар нақты тапсырма берді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: