Жаңалықтар тізбегі
0

Осындай әрекеттерге көз жұма қарасақ, мемлекет қабылдап жатқан шарадан еш нәтиже жоқ – Ерлан Қарин

Осындай әрекеттерге көз жұма қарасақ, мемлекет қабылдап жатқан шарадан еш нәтиже жоқ – Ерлан Қарин, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.11.2023 13:16 Сурет: ortcom.kz
Құқықтық тәртіп принциптерін орнықтыру бұзақылық, балаларға қарсы қылмыс, тұрмыстағы зорлық-зомбылық сияқты аса жағымсыз құбылыстармен күресуден басталады. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның ойынша, заңдылық пен тәртіп қағидатын орнықтыру ісі вандализм, балаларға қарсы қылмыс, тұрмыстық зорлық-зомбылық сияқты жағымсыз құбылыстармен күрестен басталады. Мұндай құқықбұзушылықтарға қойылатын алғашқы және өте маңызды тосқауыл ─ азаматтардың оларға бей-жай қарамауы.

"Сондықтан елімізде жүгенсіздіктің, озбырлықтың және қылмыстың кез келген түріне мүлдем төзбеушілік ұстанымын қалыптастырудың мән-маңызы зор. Қоғамда белсенді азаматтық көзқарас үстемдік құрып, ізгілік, тілектестік, өзара көмек сияқты басты құндылықтар дәріптелуге тиіс. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев балалардың қауіпсіздігі мен олардың құқығын қорғау, тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа қарсы күрес мәселелері туралы үнемі айтады. Оның сөйлеген сөздерінен дәйектілік және мызғымас ұстаным байқалады. Президент жүгенсіздіктің кез келген түріне, вандализм мен зорлық-зомбылыққа қатаң тосқауыл қою керек, әсіресе, әйелдер мен балаларға қарсы қылмыс үшін жазаны күшейту қажет деп есептейді", - деп жазды Ерлан Қарин Telegram-дағы каналында.

Ол Қазақстанда 2020 жылдан бері отбасыдағы, тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жолында жүйелі шаралар қабылданып келеді деп сендірді. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бастамаларын іске асыру аясында полицияның тиісті бөлімшелерінің штат саны артты, отбасыдағы, тұрмыстағы зорлық-зомбылық істерін қарау үшін тергеуші-әйел мамандығы енгізілді.

"Заңнамадағы кейінгі түзетулерге сай, енді мұндай қылмыстар тек жәбірленуші арызының негізінде ғана емес, сонымен бірге куәгерлердің, көршілердің мәліметі, бейнекамералардың жазбасы және т.б. негізде анықталады. Бұдан бөлек, қазір бір рет ымыраға келген тараптардың кейін қайта татуласуына жол берілмейді. Жалпы тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік күшейтілді. Әрине, қоғамда басқа көзқарас та бар. Кейбіреулер заңнаманы одан әрі қатаңдату мұндай қылмыстардың ашылу көрсеткішін төмендетеді деп есептейді. Алайда тәжірибе көрсетіп отырғандай, жазаның қатаңдығы және одан бұлтару мүмкіндігінің болмауы ─ қылмысқа қарсы іс-қимылдың ең тиімді тетігі". Ерлан Қарин

Ерлан Қарин бұл мәселені тек заңнамаға өзгеріс енгізу арқылы шешу мүмкін емес деп есептейді. Азаматтардың көзқарасы, моральдық ұстанымы да өзгеруі керек дейді. Осындай әрекеттерге көз жұмып қарасақ, онда мемлекет қабылдап жатқан шаралардан еш нәтиже шықпайды.

"Деструктивті мінез-құлықтың кез келген түріне қарсы күрес кешенді іс-қимылды талап етеді. Қоғамда қылмысқа мүлдем төзбеушілік қағидаты, ал мемлекеттік деңгейде заң мен тәртіп қатаң сақталу қағидаты дәріптелуі керек. Сондықтан мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдар жүгенсіздік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұрудың тиімділігін арттыру үшін күш жұмылдырып, ортақ амал-тәсіл әзірлеуі қажет", - деп түйіндеді ол сөзін.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: