Тоқаев Оман Сұлтандығын төл мерекесі – Ұлттық күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев, Оман Сұлтандығы, құттықтау, жеделхат, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.11.2023 11:07 Сурет: akorda.kz
2023 жылы 18 қарашада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Хайсам бен Тариқ Әл Саидті Оман Сұлтандығының төл мерекесі – Ұлттық күнімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

"Бүгінде Оман – саяси тұғыры берік, экономикасы қарыштап дамыған халықаралық қауымдастықтың беделді мүшесі. Аймақтық бірлікті, тұтастық пен бітімгерлікті ту еткен еліңіз Сіздің басшылығыңызбен алдағы уақытта да игі мақсат-мұраттарға жете беруін тілеймін", делінген құттықтау жеделхатта.

Президент Оман Сұлтанының аса жауапты қызметіне табыс, ал бауырлас Оман халқына құт-береке тіледі.

 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: