Жаңалықтар тізбегі
0

Қызылша жұқтырған балалардың 80%-ы вакцина салдырмаған

Қызылша жұқтырған балалардың 80%-ы вакцина салдырмаған, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.11.2023 10:39 Сурет: pixabay
Қазақстанда қызылшамен ауырған 14,4 мың баланың 80%-дан астамы егілмеген. Оның жартысынан көбі вакцинадан ерікті түрде бас тартқан.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният үкімет отырысында айтты.

"Республикада қызылшаның 17 мыңнан астам жағдайы тіркелді, оның ішінде 82%-дан астамы немесе 14465 жағдай балаларға тиесілі. Оның 83%-ы – вакцинация алмаған балалар. Бұл ретте балалардың 60%-ы ата-аналарының бас тартуына байланысты егілмеген, қалған балалар егу жасына жетпегендер не медициналық қарсы көрсетілімдері бар". Ажар Ғиният

Қызылшамен ауырғандардың ең көп саны Шымкент қаласында – 3 016 жағдай, Алматы қаласында – 2 653 жағдай, Жамбыл облысында – 2 370 жағдай тіркелді.

Бүгінде елімізде қызылшамен ауыратындарға арналған 3,5 мыңнан астам орын ашылды, стационарлық емделуде 2375 бала бар, төсек 59,5%, резерв-1093. Емдеуге жатқызылғандардың ішінде 30 бала реанимация бөлімшелерінде ауыр жағдайда, оның ішінде 1 жасқа дейін – 15 бала бар.


"Эпидемиологтар 2023 жылы әлемде қызылшаға тән кезекті циклдік көтерілу, сонымен қатар халықтың иммундық емес тобының жинақталуы инфекция толқынын күшейтетінін атап өтті. БҰҰ деректері бойынша әлемде 67 миллионнан астам бала пандемияға және вакциналарға деген сенімнің төмендеуіне және басқа да бірқатар факторға байланысты жоспарлы иммундауды өткізіп алды. Осыған байланысты, 415 мыңнан астам жағдай тіркелген әлемнің 167 елінде қызылша бойынша жағдайдың күрделенуі байқалады".Денсаулық сақтау министрлігі
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: