Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев Дубайдағы "Noor Energy 1" күн электр станциясының құрылысын жоғары бағалады

Кездесу, Қасым-Жомарт Тоқаев, Дубай, ACWA Power компаниясы, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.12.2023 15:02 Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ-ның негіздемелік конвенциясы тараптарының 28-ші конференциясы аясында ACWA Power компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Мұхаммед Абунайянмен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кездесу барысында компанияның Қазақстанмен өзара ықпалдастығын одан әрі нығайтудың негізгі аспектілері және бірқатар инвестициялық жобаны жүзеге асыру мәселелері талқыланды, делінген Ақорда хабарламасында.

Сондай-ақ Жетісу облысында қуаты 1 ГВт болатын жел электр станциясын салу перспективалары қарастырылды. Бұл нысанға 1,8 миллиард доллар көлемінде инвестиция құю көзделіп отыр.

Мұхаммед Абунайян компанияның Қазақстандағы үлесін кеңейтуге және жасыл энергетика секторында инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға мүдделі екенін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, бұл бастама Қазақстанның жаңартылатын энергия көздерін дамытудың өңірлік орталығы болу ниетіне сай келеді.

Мемлекет басшысы компанияның қызметі мен ауқымды жобаларын, атап айтқанда, құны 4,6 миллиард доллар болатын Дубайдағы "Noor Energy 1" күн электр станциясының құрылысын жоғары бағалады. Бұл әлемдегі ең ірі нысан саналады.

Айта кетсек, 2023 жылы 2 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ-ның негіздемелік конвенциясы тараптарының 28-ші конференциясы аясында Біріккен Араб Әмірліктерінің Инвестициялар министрі, ADQ холдингінің басқарушы директоры Мұхаммед әл-Сувейдимен кездесті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: