Тоқаев Қазақстандағы Ресей елшісін қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев, кездесу, РФ елшісі, Алексей Бородавкин, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.12.2023 18:18 Сурет: akorda.kz
2023 жылы 5 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кездесу барысында Қазақстан Президенті мемлекетаралық байланыстардың барлық бағыты бойынша екі ел арасында тұрақты диалог қалыптасқанын атап өтті, делінген Ақорданың хабарламасында.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Ресей Президенті Владимир Путиннің жуырда Астанаға жасаған ресми сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтар тату көршілік қатынастарды жан-жақты нығайтуға бағытталған өзара ұмтылысты тағы да растады.

Сурет: akorda.kz

Сонымен қатар кездесуде Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестіктің өзекті мәселелері және даму перспективалары қарастырылды.

Мемлекет басшысы бұған дейін Қазақстандағы ҚХР елшісі Чжан Сяоны қабылдаған болатын

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: