Тоқаев Елена Рыбакинаны кезекті жеңісімен құттықтады
Сурет: Zakon.kz
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев спортшының жаңа белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді.
Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасына жазды.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев даңқты теннисші, Уимблдон турнирінің чемпионы Елена Рыбакинаны Австралияда өткен беделді жарыстағы сенімді жеңісімен құттықтап, жаңа белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді", - делінген хабарламада.
Еске салайық, Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Брисбендегі WTA 500 турнирінің финалында беларуссиялық спортшы Арина Соболенконы (2-орын) ұтып, жеңімпаз атанды.
Бірінші сет 6:0 есебімен аяқталып, 25 минутқа созылды. Екінші сет нәтижесі – 6:3. Қазақстан теннисшісі жартылай финалда чехиялық Линда Носкованы 6:3, 6:2 есебімен ұтты. Қарсыласу 65 минутқа созылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript