Президентке Kaspi.kz компаниясы қызметінің нәтижесі таныстырылды

Президентке Kaspi.kz компаниясы қызметінің нәтижесі таныстырылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.01.2024 19:37 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушылар Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзені қабылдады.

Президентке Kaspi.kz компаниясы қызметінің нәтижелері мен даму перспективалары туралы мәлімет берілді.

Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе Қасым-Жомарт Тоқаевқа Kaspi.kz компаниясының АҚШ-тағы NASDAQ қор биржасында IPO-ға табысты шыққаны туралы айтты. Бұл биржада Apple, Amazon, Google және басқа да әлемдік жетекші технологиялық компаниялардың акциялары орналастырылған.

Мемлекет басшысы Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушыларды айтулы жетістігімен құттықтады.

Сонымен қатар кездесуде елімізге әлемдік жетекші инвесторларды көптеп тарту үшін инвестициялық климатты жақсарту перспективалары талқыланды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: