Мемлекет басшысы Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановты қабылдады

Мемлекет басшысы Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановты қабылдады, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.02.2024 17:32 Сурет: akorda.kz
Асайын Байханов облыстың былтырғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берді.

Асайын Байханов облыстың былтырғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берді:

  • облыс экономикасына 965 миллиард теңге инвестиция тартылған. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 26 пайызға көп;
  • жолаушылар тасымалы секторында 31 пайыз, машина жасау ісінде 13 пайыз, құрылыс саласында 8 пайыз өсім байқалады;
  • 73 шақырымнан астам жылумен қамту желісіне реконструкциялау жұмыстары жүргізілген;
  • Екібастұз жылу электр орталығындағы барлық 10 қазандық агрегат жөнделген;
  • техникалық суға арналған 11 шақырым жаңа құбыр тартылып, 5,4 шақырым магистральды жылумен қамту желісіне реконструкция жасалған;
  • облыстағы ауылдарда үш заманауи мектептің салынуы апатты жағдайдағы мектептерге қатысты мәселені шешуге мүмкіндік берген. Өңірде 54 білім беру ұйымы толықтай жаңғыртылған;
  • екі жыл ішінде "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы аясында 30 жаңа медициналық нысан салынады;
  • облыста қоғамдық көлік жүйесін кезең-кезеңімен жаңғырту жұмыстары басталған. Былтыр қалалық автобус паркі 130 жаңа автобуспен толықтырылған. Сондай-ақ 722 шақырым автожол жөнделген;
  • былтыр 37 мыңнан астам халқы бар 44 ауылға жаңа су құбыры тартылған. Осылайша, облыстағы ауыл тұрғындарының 98 пайызына таза ауызсу жеткізілген.

Қасым-Жомарт Тоқаев облыс әкіміне Ертіс өңірін әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: