Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев Al Faisal Holding компаниясы директорлар кеңесінің төрағасымен кездесті

Тоқаев Al Faisal Holding компаниясы директорлар кеңесінің төрағасымен кездесті, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.02.2024 19:35 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Al Faisal Holding компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Фейсал бен Қасым Әл Тәниді қабылдады

Қазақстан Президенті Дохаға мемлекеттік сапарының аясында Қатардың ірі бизнес құрылымдарының басшыларымен бірқатар кездесу өткізді.

Al Faisal Holding компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы, Қатар кәсіпкерлері қауымдастығының төрағасы, Қазақстанмен іскерлік ынтымақтастықты үйлестіруші Фейсал бен Қасым Әл Тәнимен әңгімелесу барысында екіжақты экономикалық және инвестициялық ықпалдастықты нығайту мәселелері талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Al Faisal компаниясымен арадағы өзара тиімді серіктестік Қатар бизнесінің Қазақстандағы үлесін арттыруға жол ашатынын атап өтті. Оның пікірінше, бірлескен жұмыстар жаңа инновациялық-инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Кездесу барысында құрылыс, туризм және қонақ үй бизнесі салаларындағы ынтымақтастық, сондай-ақ білім беру бағыты бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Al Faisal холдингіне Астанада Қазақстан мен Қатар арасындағы достық қарым-қатынастың символына айналатын айтулы ғимарат салу перспективасын қарастыру ұсынылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: