Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев Катар холдингінің басшысымен Қашағанда зауыт салу мәселесін талқылады

Тоқаев Катар холдингінің басшысымен Қашағанда зауыт салу мәселесін талқылады, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.02.2024 21:08 Сурет: akorda.kz
Қазақстан президенті Қатардың Power International Holding компаниясының иелері Муатаз Әл-Хаят пен Рамез Әл-Хаятты қабылдады.

Кездесуде экономиканың түрлі секторындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев табысты серіктестік Қазақстан мен Қатар арасындағы инвестициялық ынтымақтастықтың қозғаушы күшіне айналғанын атап өтті.

Бүгін мемлекеттік сапар аясында бірқатар маңызды инвестициялық келісімдерге қол қойылды. Осы ретте Қатардың Power International Holding компаниясы негізгі қатысушы саналады.

Муатаз Әл-Хаят пен Рамез Әл-Хаят Президентке Қашағанда газ өңдеу зауыттарын, Қызылорда облысында бу-газ қондырғыларының технологиясына негізделген электр станциясын салу жоспары жөнінде мәлімет берді. Сондай-ақ жаңа компрессор станциясын салуға, Бейнеу – Бозой – Шымкент және Ақтөбе – Қостанай газ құбырларын жүргізуге ниет білдірді.

Мемлекет басшысы еліміздің ұзақмерзімді энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бұл жобалардың ерекше маңызға ие екенін айтты. Сондай-ақ Power International Holding компаниясының Қазақстанның телекоммуникация секторына кіру жөніндегі жоспарын құптады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: