Жаңалықтар тізбегі
0

Олжас Бектенов БҚО кәсіпкерлерімен өндірісті толық қуатына шығару перспективасын талқылады

Олжас Бектенов БҚО кәсіпкерлерімен өндірісті толық қуатына шығару перспективасын талқылады, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.02.2024 19:19 Сурет: primeminister.kz
Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында премьер-министр Олжас Бектенов бірқатар өнеркәсіптік кәсіпорындарға барды.

Олжас Бектенов елімізде 60 жылдан бері ТЖМ қызметтері мен коммуналдық кәсіпорындарды арнайы техникамен қамтамасыз етіп келе жатқан ірі компаниялардың бірі – "Оралагрореммаш" АҚ-ға барды. Былтыр мұнда 120-дан астам арнайы техника және 115 тіркеме шығарылды. Бұл ретте кәсіпорынның өндірістік жүктемесі 20%-дан аспайды. Премьер-министр шығарылатын өнім үлгілерімен танысты.

Өндірілетін өртке қарсы техниканы тексеру кезінде Үкімет басшысы көп қабатты тұрғын үйлер деңгейінде құтқару жұмыстарын жүргізу үшін өрт сөндіру сатырларын өндіру қажеттігін атап өтті. Бірқатар салалық министрліктерге отандық компаниялармен өзара іс-қимылды арттыру мүмкіндігін қарастыру тапсырылды.

"Мемлекет өңдеу секторын дамытуға басты назар аударады. Кәсіпорында барлығы толық қуатында жұмыс істеуі керек. Біз қазір отандық өндірушіні қолдау бағдарламасын әзірлеп жатырмыз. Сатып алуда локализациясы жоғары кәсіпорандарға басымдық беру керек", — деді Олжас Бектенов.

Атыс және зеңбірек қару-жарағын өндіруге маманданған бірегей кәсіпорын – "Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы" АҚ-да Премьер-Министр Олжас Бектенов шығарылатын жоғары сапалы қорғаныс өнімдеріне әлемдік нарықта сұраныс жоғары екеніне баса назар аударды. Сондай-ақ ол компания жүктемесінің 60% деңгейінде екенін ескере отырып, аралас өндірістерді құру қажеттігін атап өтті.

Әрі қарай премьер-министр қаңылтыр, полиэтилен және полипропилен құбырларын, халық тұтынатын пластмассадан жасалған тауарларды өндіретін кәсіпорын – "Орал сауда-өнеркәсіп компаниясы" ЖШС-ның жұмысымен танысты.

Оған қоса өңірде Үкімет басшысы қуаты жылына 5 млн полипропилен қапшығын (бигбэгтер) шығаратын "Packaging Systems" кәсіпорнына барды. Жоба өткен жылдың күзінде аймаққа шетелдік компанияларды орналастыру аясында пайдалануға берілді. Өндірілетін бигбэгтер қазіргі уақытта Қазақстанда пайдаланылады, сондай-ақ ЕАЭО және ЕО елдеріне экспортталады.

"Инвестиция тарту үшін барынша күш салуымыз керек. Отандық немесе шетелдік инвесторлар болсын – олар біздің экономикамыз үшін маңызды. Сондықтан біз инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасауымыз керек", — деді О. Бектенов.

Өнеркәсіп нысандарын аралау қорытындысы бойынша Үкімет басшысы өнеркәсіптің қарқынды өсуін және экономиканы индустрияландыруды қамтамасыз ету үшін қаржылық және қаржылық емес қолдау шаралары бойынша кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау көрсету шараларын күшейтуді тапсырды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: