Жаңалықтар тізбегі
0

Президент Қазақстан болашағының негізгі сұлбасын үштаған ұғымы арқылы сипаттады

Ұлттық құрылтай, Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан болашағы, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.03.2024 17:07 Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылы 15 наурызда өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Қазақстан болашағының негізгі сұлбасын үштаған ұғымы арқылы сипаттады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Тоқаев еліміздің болашақтағы бейнесі сан қырлы, оны әркім әрқалай түсінуі мүмкін екенін жеткізді.

"Алайда оның негізгі сұлбасын "Әділетті Қазақстан – Адал азамат – Озық ойлы ұлт" деген үштаған ұғым арқылы сипаттауға болады. Бұл үшеуі бір-бірінен бастау алады және өзара тығыз байланысты. Еліміз стратегиялық бағдарынан ешқашан ауытқымайды. Біз мықты демократиялық институттары және дамыған құқықтық жүйесі бар Әділетті мемлекет құрамыз. Ел ішінде заң мен тәртіп қатаң сақталады. Бұл – саясатымыздың тұғырлы қағидаты", - деді Президент.

Мемлекет басшысы біздердің баршаға және әрбір адамға бірдей мүмкіндік беретін қоғам қалыптастырып жатқанымызды баса атап өтті.

"Адал азаматтар табанды еңбегімен еліміздің дамуына өз үлесін қосады. Біз "бірлігіміз – әралуандықта" деген қағиданы берік ұстанып, еліміздегі бейбітшілік пен келісімді сақтайтын боламыз. Түрлі діндер мен конфессияларды жақындастыруды және қазіргі заманғы өзекті мәселелерге қатысты диалог орнатуды көздейтін мәртебелі миссиямызды атқара береміз. Біз азаматтарымыздың әл-ауқатын арттыратын, барша әлемнің кәсіпкерлері, инвесторлары мен талантты адамдары қызығатын ашық әрі дамыған экономика құрамыз". Қасым-Жомарт Тоқаев

Сондай-ақ Президент бүкіл қоғам болып жемқорлыққа қарсы күресті жалғастыратындығымызды айтты.


"Бізге және ұрпағымызға ешкім сырттан келіп жарқын болашақты жасап бермейді. Қағидамыз – әділдік, тірегіміз – жауапкершілік, мақсатымыз – өрлеу. Еліміз осы құндылықтарды берік ұстана отырып, даму көкжиегін сөзсіз кеңейте түспек. Ал әрбір адал адам адал еңбегімен адал табысқа жетеді", - деді ол.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: