Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев жаңа тұрғын үй бағдарламасын іске қосуды тапсырды

Тұрғын үй бағдарламасы, ұлттық құрылтай, Қасым-Жомарт Тоқаев, баспана, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.03.2024 17:00 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылы 15 наурызда Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында жаңа тұрғын үй бағдарламасын іске қосуды ұсынды. Бұл бағдарлама ауылдар мен аудан орталықтарының тұрғындары сұранысын да қамтуы тиіс екені айтылды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Президент Ұлттық құрылтайда біз мәдени-гуманитарлық саланың және идеологияның жаңа бағдарын айқындап жатқанымызды еске салды. Осының бәрі ұлттық бірегейлігімізді нығайту және елімізді қарқынды дамыту үшін өте маңызды.

"Дегенмен, өзгерістердің басты мақсаты – халықтың тұрмыс сапасын жақсарту. Сондай-ақ әр азаматтың жан-жақты дамуына жағдай жасау. Осыған орай экономиканы дамытатын жаңа мүмкіндіктерді үнемі іздеп отыру керек. Бізге әжептәуір мультипликативтік нәтиже беретін жобалар қажет. Сол үшін Үкіметке биыл ауқымды төрт инфрақұрылымдық бастаманы жүзеге асыруды тапсырамын", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы, ең алдымен қазір жұмыс істеп тұрған 55 жылу орталығын толығымен жөндеу қажеттігін және ұзындығы кемінде 6,5 мың шақырым болатын инженерлік жүйені жаңғырту керектігін айтты. Бұл қадам азаматтар мен кәсіпкерлерге көрсетілетін коммуналдық қызметтің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

"Баспана – жұрттың тұрмыс сапасын танытатын тағы бір маңызды көрсеткіш. Биыл 1 наурыздан бастап іске қосылған "Отау" ипотекалық бағдарламасы ел ішінде үлкен сұранысқа ие болып отыр. Бұған қоса ауыл және аудан орталығының тұрғындарына арналған жаңа тұрғын үй бағдарламасын қолға алу керек. Бұл ретте әлеуметтік тұрғыда осал топтағы жандар үшін несие өсімі 7 пайыздан аспауы қажет. Сонымен қатар сатып алу құқығымен жалға берілетін баспана санын бірнеше есе көбейтуді Үкіметке тапсырамын", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оның айтуынша, жеңілдетілген жаңа ипотеканың енгізілуі және жалға берілетін тұрғын үйдің көптеп салынуы құрылыс қарқынын арттырады.

"Құрылыс саласында жүз мыңдаған отандасымыз адал еңбек етіп жүр. Ең бастысы, бұл бағдарлама баспанаға мұқтаж көптеген адамның үй алуына жол ашады", - дейді Президент.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: