Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына келіп жетті
Сурет: Ақорда
2024 жылы 20 наурызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына келді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорданың Telegram арнасы Президенттің сапары барысындағы суреттері және видеосымен бөлісті.
Сурет: Telegram/Aqorda
"Президент ертең, яғни 21-інде Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылатын бірқатар іс-шараға қатысады", делінген Ақорда хабарламасында.
Айта кетсек, бұл - 2024 жылдың басынан бергі Президенттің Алматыға екінші жұмыс сапары. Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев оңтүстік астанада 24-25 қаңтарда болған еді.
Ол кезде Президент бірқатар инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандарды аралап, мегаполистің жол-көлік жүйесін дамыту жөніндегі жоспарларымен танысты, сондай-ақ сейсмикалық қауіпсіздік мәселелері бойынша кеңес өткізді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript