Тоқаев Қазақстанның бірнеше шет елдегі елшілерін тағайындады
Сурет: akorda.kz
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылы 26 наурызда еліміздің бірнеше шет елдегі Төтенше және Өкілетті елшілерін тағайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорда жариялаған Мемлекет басшысының Қаулысына сәйкес:
- Оңталап Серікбайұлы Оңалбаев Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы;
- Сатыбалды Ересұлы Бұршақов Қазақстан Республикасының Солтүстік Македония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Израиль Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Кипр Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды;
- Дәулет Тазабекұлы Ембердиев Қазақстан Республикасының Израиль Мемлекетіндегі;
- Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Қанат Қобыландыұлы Тумыш Қазақстан Республикасының Камбоджа Корольдігіндегі, Лаос Халық Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды;
- Қазақстан Республикасының Марокко Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Сәулекүл Сайлауқызы Қазақстан Республикасының Того Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды.
Сондай-ақ Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Жәнібек Жарасқанұлы Әбдрашов Қазақстан Республикасының Солтүстік Македония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымынан босатылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript