Жаңалықтар тізбегі
0

ҚР СІМ Сириядағы Иран елшілігінің консулдық бөліміне жасалған шабуылды айыптайды

ҚР СІМ, Сириядағы Иран елшілігі, шабуыл, мәлімдеме, айыптау, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.04.2024 22:46 Сурет: ҚР СІМ
ҚР СІМ баспасөз қызметі дипломатиялық миссиялар мен олардың қызметкерлеріне қатысты зорлық-зомбылық пен агрессия актілерінің кез келген көрінісіне жол беруге болмайды деп санайтынын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Сирия астанасы Дамаск қаласындағы Иран елшілігінің консулдық бөліміне жасалған шабуылды айыптайды. Дипломатиялық миссиялар мен олардың қызметкерлеріне қатысты зорлық-зомбылық пен агрессия актілерінің кез келген көрінісіне жол беруге болмайды деп санаймыз. Мұндай әрекеттер дипломатиялық және консулдық нысандардың қауіпсіздігіне кепілдік беретін халықаралық құқықтың негіздері мен нормаларын бұзады", делінген ҚР СІМ хабарламасында.

Айта кетсек, Израильдің әуеден жасаған шабуылы барысында Иранның Дамаскі қаласындағы консулдық ғимараты толығымен қирап қалғаны, құрбандар бар екені хабарланған болатын. Бұл ретте Иран елшісі Хусейн Акбари мен оның отбасы зардап шекпегені нақтыланды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: