Қостанайда екі полицейді қағып кеткен адамға қатысты үкім шықты
Сурет: Zakon.kz
Қостанайда полиция қызметкерлеріне қатысты зорлық-зомбылық көрсеткен Қарабалық ауданының тұрғыны сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Облыстық соттың мәліметінше, Қарабалық ауданының тұрғынына екі адамға қатысты өзінің қызметтік міндеттерін орындауына байланысты билік өкіліне қатысты өміріне қауіп төндірмейтін зорлық-зомбылық көрсетті деген айып тағылды.
"Сотталушы қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысын қорғау жөніндегі қызметтік міндеттерін атқарған патрульдік полиция қызметкерлерінің талаптарына кедергі келтіре отырып, өз көлігімен екі қызметкерге қасақана шабуыл жасап, соңғысына дене жарақатын келтірген. Прокурор қылмыстық кодекстің 55-бабының 4-бөлігін қолдана отырып, сотталушыға 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады",- делінген ақпаратта.
Сотталушы сотта кінәні мойындамады. Сот жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде — сотталушының жасы ұлғайғанын, денсаулық жағдайын таныды.
"Сот талқылауы барысында белгіленген мән-жайларды ескере отырып, сот сотталушыға жазаны өтеудің барлық мерзіміне пробациялық бақылау белгілей отырып, 4 жыл бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындады",- делінген хабарламда.
Бұдан басқа, сотталушыдан әрбір жәбірленушінің пайдасына моральдық зиянды өтеу есебінен сот 500 000 теңгеден өндіріп алды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ..
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript