Тоқаев: Мемлекеттік органдардың төтенше жағдай кезіндегі бірыңғай әрекет ету алгоритмін әзірлеу қажет

Қасым-Жомарт Тоқаев, төтенше жағдай жөніндегі жедел штабтың отырысы, бірыңғай алгоритм, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.04.2024 17:30 Сурет: akorda.kz
Президент мемлекеттік органдардың төтенше жағдай кезіндегі бірыңғай әрекет ету алгоритмін әзірлеу қажет деп санайды. Бұл туралы Мемлекет басшысы 2024 жылы 4 сәуірде өткен төтенше жағдай жөніндегі жедел штабтың отырысында айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның пікірінше, бұл құжатта төтенше жағдай режимін жариялаудан бастап, келтірілген шығынды өтеуге және дүние-мүлікті қалпына келтіруге дейінгі барлық құзырлы органның міндеттері мен іс-қимылы нақты қамтылуы керек.

"Табиғи және техногенді апаттардың алдын алу үшін Төтенше жағдайлар министрлігіне орталық және жергілікті атқарушы органдарға бақылау жүргізу құқығын беру керек. Мұны заң жүзінде бекіту қажет", – деді Мемлекет басшысы.

Айта кетсек, 2024 жылдың 4 сәуірінде Мемлекет басшысының Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары қарғын су басқан аумақтарды тікұшақпен аралап көруден басталды. Президент су басқан аумақтарды тікұшақпен аралап шыққаннан кейін аудан орталығындағы Қажым Жұмалиев атындағы мектеп-гимназия базасында орналасқан эвакуациялық пунктіне барды. Одан кейін Президенттің төрағалығымен төтенше жағдай жөніндегі жедел штабтың отырысы өтті.



Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: