Хиуа қаласында Тоқаев пен Мирзиёевтің бейресми кездесуі өтеді

Қазақстан мен Өзбекстан, Қасым-Жомарт Тоқаев, Шавкат Мирзиеев, Хиуа, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.04.2024 19:04 Сурет: gov.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев 5 сәуір күні Хиуа қаласында бейресми кездесу өткізеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев 5 сәуір күні Хиуа қаласында бейресми кездесу өткізеді. Кездесу барысында мемлекеттер басшылары екіжақты байланыстардың ауқымды мәселелерін, сондай-ақ өңірлік күн тәртібін талқылайды деп жоспарланып отыр", делінген Ақорданың баспасөз қызметінің хабарламасында.

Айта кетсек, 4 сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жол апатынан өзбекстандық сегіз азаматтың қаза табуына байланысты Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевке көңіл айтты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: