Жаңалықтар тізбегі
0

Тәжікстан Президенті су тасқынына байланысты Қазақстанға қажетті көмек көрсетуге дайын екенін айтты

Телефон арқылы әңгімелесу, Қасым-Жомарт Тоқаев, Эмомали Рахмон, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.04.2024 19:43 Сурет: akorda.kz
2024 жылы 12 сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекеттер басшылары бірін-бірі барша мұсылман қауымы үшін қасиетті Ораза айт мейрамымен құттықтап, Қазақстан мен Тәжікстан халқына бақ-береке тіледі, делінген Ақорда баспасөз қызметінің хабарламасында.

Тәжікстан Президенті еліміздің бірқатар өңірінде болған су тасқынына байланысты қолдау білдіріп, қажетті көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.

Өз кезегінде Мемлекет басшысы тілеулестік танытқаны үшін Тәжікстан Президентіне алғыс айтып, қазіргі таңда су тасқынымен күрес жұмыстары толықтай бақылауда екенін, Үкімет апат салдарын жою үшін барлық қажетті шараны қабылдап жатқанын айтты.

Тараптар Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы стратегиялық серіктестіктің қазіргі жай-күйі мен оны одан әрі нығайту перспективасын талқылады. Екі елдің үкіметтеріне саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларда қол жеткізілген уағдаластықтарды сапалы жүзеге асыру тапсырылды.

Мемлекеттер басшылары қазіргі халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасып, алдағы кездесулер кестесін қарастырды.

Айта кетсек, 2024 жылы 12 сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны салдарын жою жөніндегі республикалық штабтың отырысын өткізді.

Аталған жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынынан зардап шеккендердің шығынын өтеу үшін тиімді тәсілдер қарастыруды тапсырған болатын.

Сондай-ақ Президент табиғи апаттан зардап шеккен аймақтарда баға өсіміне жол бермеу қажеттігін айтты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: