Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров екі елдің Жоғары мемлекетаралық кеңесінің отырысына қатысты
Сурет: akorda.kz
19 сәуірде екі ел басшыларының төрағалығымен Қазақстан мен Қырғызстанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің алтыншы отырысы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президент бүгінгі отырыс барысында екі ел ынтымақтастығының өзекті мәселелері талқыланатынын айтты.
"Уақыт сынағынан өткен ықпалдастығымыздың болашағы зор екеніне кәміл сенемін. Бұл бағытта бір кісідей күш жұмылдыруымыз қажет. Осы орайда Жоғары мемлекетаралық кеңестің жұмысы қазақ-қырғыз қарым-қатынастарын дамытуға ерекше серпін беретініне сенімдімін", – деді Мемлекет басшысы.
Сурет: akorda.kz
Қырғызстан Президенті сан алуан бағыт бойынша серіктестікті одан әрі нығайту маңызды екенін жеткізді
"Бүгінгі шара қырғыз-қазақ қатынастарын одан әрі нығайтуға ықпал етеді деп ойлаймын. Келіссөздердің дәстүрлі одақтастық және стратегиялық байланыс рухында өтіп жатқаны қуантады. Қырғызстан Қазақстанмен екіжақты байланыстарды тереңдетуге бағытталған сыртқы саясат жүргізіп отыр. Бір-бірімізді қолдап, келешекті ойлап, барлық мәселені бірлесіп шешкен дұрыс деп санаймын. Қырғызстанның атқарушы билік органдары екі ел арасындағы Жоғары мемлекетаралық кеңестің шешімдерін іске асыру үшін тиісті шараларды жүзеге асырып жатыр. Бүгінгі кездесулеріміз екі елдің өзара ынтықмақтастығына тың серпін беретініне сенімдімін", – деді Садыр Жапаров.
Ақорда мәліметінше, келесі лауазымды тұлғалар жиынға қатысып, сөз сөйледі:
- Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин,
- Қырғызстан Министрлер кабинеті төрағасының бірінші орынбасары Адылбек Касымалиев;
- Қазақстанның Көлік министрі Марат Қарабаев;
- Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасының бірінші орынбасары – Шекара қызметінің директоры Уларбек Шаршеев;
- Қазақстанның Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев;
- Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов;
- Қырғызстанның Энергетика министрлігінің бірінші орынбасары Назгүл Усенова;
- Қырғызстанның Су ресурстары, ауыл шаруашылығы және өңдеуші өнеркәсіп министрінің орынбасары Алмазбек Сокеев;
- Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева;
- Қырғызстанның Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрі Алтынбек Максутов.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript