Жаңалықтар тізбегі
0

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентіне су тасқыны кезеңнінде көмек көрсеткені үшін алғысын білдірді

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентіне су тасқыны кезеңнінде көмек көрсеткені үшін алғысын білдірді, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.04.2024 12:02 Сурет: akorda.kz
Тоқаев 23 сәуірде Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме барысында осынау қиын-қыстау күнде көмек қолын созғаны үшін ел президентіне және Өзбекстан халқына алғысын білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

"Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірқатар өңірінде болған су тасқынына байланысты тілеулестік танытып, көмек көрсеткені үшін Шавкат Мирзиёевке және бауырлас Өзбекстан халқына алғыс айтты."

Президенттер қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайту, сондай-ақ бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Тараптар екіжақты қатынастар мен өңірлік деңгейдегі кооперацияның қарқынды дамып келе жатқанына назар аударды.

"Сонымен қатар мемлекеттер басшылары аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.",- делінген хабарламада. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: