Жаңалықтар тізбегі
0

Нұрдәулет Қилыбай Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалды

Нұрдәулет Қилыбай Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.05.2024 17:47 Сурки: gov.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін, 2024 жылғы 17 мамырда Маңғыстау облысының әкімін жаңадан тағайындады. Бұл лауазымды қызметке Нұрдәулет Қилыбай келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тиісті жарлық Ақорда сайтында жарияланды.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрдәулет Игілікұлы Қилыбай Маңғыстау облысының әкімі лауазымына тағайындалды", делінген хабарламада.

 

Нұрдәулет Қилыбай 1978 жылы 10 сәуірде Маңғыстау облысында дүниеге келген. Мамандығы - инженер әрі қаржы құқығы маманы. Көп жылдар бойы көлік және коммуникация саласында, соның ішінде "ҚТЖ" ҰК" АҚ-тың филиалында да жұмыс істеген. 

2018-2020 жылдары Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары, ал 2020 жылдың маусым айынан бастап Ақтау қаласының әкімі болды. 2023 жылғы 25 қаңтарда "Өзенмұнайгаз" АҚ бас директоры болып тағайындалды.

2024 жылғы 16 мамырда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрлан Ноғаевты Маңғыстау облысы әкімі қызметінен босатты. Ол бұл қызметті 2021 жылдың қыркүйегінен бастап атқарып келген. Бірнеше күн бұрын желіде Нұрлан Ноғаевтың жақын арада қызметінен босатылу ықтималдылығы туралы ақпарат пайда болған еді. Бірақ 15 мамырда өңірлік әкімдіктің баспасөз қызметі бұл мәлімдемелерді жоққа шығарып, сондай-ақ Ноғаевтың жұмыс орнында екенін нақтылаған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: