Жаңалықтар тізбегі
0

ШЫҰ-ға мүше елдер "үш зұлым күшке" бірігіп тойтарыс бермек

ШЫҰ-на мүше елдер "үш зұлым күшке" бірігіп тойтарыс бермек, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.05.2024 12:03 Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 21 мамырда ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлерімен кездесу өткізді. Жиын барысында "үш зұлым күшке" қарсы күрес Ұйым ынтымақтастығының тұрақты назарында болуға тиіс деп санайтынын атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы ШЫҰ-ның ортақ сын-қатер мен қауіптерді еңсеру ісіндегі әлеуетін арттыру жұмыстары дер кезінде қолға алынып отырғанын айтты.

Осы орайда аталмыш "үш зұлым күшке" тойтарыс беру мәселесіне де назар аударды.

"Қазақстан осы бағыттағы ықпалдастықты ұдайы нығайтуға ниетті. Терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы күрес жөніндегі сіздермен келісілген ынтымақтастық бағдарламасы бұл бағытта жасалған нақты қадам саналады. Өз кезегінде ШЫҰ-ның есірткіге қарсы стратегиясы бойынша жұмыстың аяқталуы, терроризмді қаржыландыру арналарын бұғаттауды қоса алғанда, есірткі қаупіне қарсы күресу үшін өзара қабылданып жатқан шараларды күшейте түседі", – деді Мемлекет басшысы.

Оның айтуынша, осы жетістіктердің барлығы – Ұйым кеңістігінде тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі келісілген және нақты шаралардың айқын дәлелі. Бұл халықаралық қатынастардың жаһандық архитектурасындағы ұстанымды нығайту, ШЫҰ-ның әлемдегі беделі мен рөлін арттыру тұрғысынан да маңызды екенін баса айтты.

Сонымен қатар, жиын барысында Тоқаев барша Иран халқы мен оның басшылығына осы елдің Президенті мен Сыртқы істер министрінің қайғылы қазаға ұшырауына байланысты көңіл айтты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: