Жаңалықтар тізбегі
0

Айзада Құрманова ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі болып тағайындалды

Айзада Құрманова ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі болып тағайындалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.05.2024 11:02 Сурет: gov.kz
Айзада Құрманова мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі 27 мамырда хабарлады.

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Айзада Амангелдіқызы Құрманова мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметіне тағайындалды",- делінген хабаралмада.

Айзада Амангелдіқызы Құрманова:

1970 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. Павлодар педагогикалық институтын, Инновациялық Еуразия университетін бітірген.

Еңбек жолын 1992 жылы Павлодар облысы Май ауданы орта мектебінде мұғалім болып бастаған. Әр жылдары оқу бөлімінің меңгерушісі, ОМ директоры болып жұмыс істеді.

2002-2007 жылдары-Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бастығы.

2007-2009 жылдары-Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары.

2009-2011 жылдары-Павлодар облысы ішкі саясат басқармасының бастығы.

2011-2014 жылдары-Павлодар облысы Лебяжі ауданының әкімі.

2014-2016 жылдары – "Нұр Отан" партиясы Павлодар облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

2016-2020 жылдары VI сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды.

2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – Павлодар облысы әкімінің орынбасары.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: