ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі тағайындалды
Сурет: primeminister.kz
Бұл туралы 2026 жылғы 4 наурызда ҚР Үкіметі баспасөз қызметі мәлімдеді:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Рустам Әли мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметіне тағайындалды.
Рустам Әли 1984 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын 2006 жылы "Деловая неделя" газетінде тілші болып бастаған.
2006–2011 жылдары — "Деловая неделя" газетінде тілші, редактор, бас редактордың орынбасары.
2011–2012 жылдары — "Жетісу жастары" жастар орталығы" МКҚК директоры.
2012 жылы — Алматы облысы жастар саясаты орталығының директоры.
2012 жылы — Алматы облысы Қайнарлы ауылдық округінің әкімі.
2012–2016 жылдары — Алматы облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының бастығы, басшысы.
2016–2020 жылдары Алматы облысы ішкі саясат басқармасының басшысы.
2020–2021 жылдары — Алматы облысы әкімінің орынбасары.
2021–2022 жылдары — Алматы облысы Ескелді ауданының әкімі.
2022–2023 жылдары — Жетісу облысы әкімінің орынбасары.
2024 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы.