Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев Эверест шыңын бағындырған алғашқы қазақ қызымен кездесті

Кездесу, Қасым-Жомарт Тоқаев, Алматы, алпинист, Анар Борашева, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.06.2024 15:05 Сурет: Ақорда
2024 жылы 1 маусымда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Анар Борашеваны әлемдегі ең биік Эверест шыңын қазақ қыздарының арасынан бірінші болып бағындыруымен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент оның осынау айтулы жетістігі жастарды спортпен шұғылдануға жігерлендіргенін айтты. Мемлекет басшысы спорттың мұндай қиын әрі қауіпті түрімен айналысу үшін асқан ерік-жігер, төзімділік, сондай-ақ психологиялық және физикалық дайындық керек екеніне назар аударды, делінген Ақорда баспасөз қызметінің хабарламасында.

Анар Борашева тауға өрмелеумен 2015 жылдан бері айналысып келе жатқанын, ал альпинизмнің қыр-сырын кәсіби түрде соңғы 4 жыл ішінде меңгергенін айтты. Эверестке дейін ол көптеген шыңды бағындырып үлгерген. Оның ішінде Альпі тауларындағы Монблан шыңы мен Африкадағы ең биік Килиманджаро тауы бар.

Әңгімелесу барысында альпинист алдағы уақытта әлемдегі ең биік жеті шыңды бағындыруды жоспарлап отырғанын жеткізді. Сондай-ақ ол Мемлекет басшысына Эверест шыңына алып шыққан Қазақстан туын сыйға тартты.

Қасым-Жомарт Тоқаев отандық спортшылар әртүрлі халықаралық додаларда ел намысын лайықты деңгейде қорғап жүргенін атап өтіп, Анар Борашеваның алдағы уақытта жаңа биіктерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: