Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев Orbis Kazakhstan компаниялар тобының негізін қалаушы Фаррух Махмудовты қабылдады

Кездесу, Қасым-Жомарт Тоқаев, Orbis Kazakhstan компаниялар тобының негізін қалаушы Фаррух Махмудов, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.06.2024 15:32 Сурет: Ақорда
2024 жылы 1 маусымда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Orbis Kazakhstan компаниялар тобының негізін қалаушы Фаррух Махмудовты қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, Фаррух Махмудов Orbis Kazakhstan компаниясы жұмысының нәтижелері мен даму перспективалары жөнінде мәлімет берді:

  • Алматы индустриялық паркінде толық циклді автомобиль зауытын салу жоспары жайында баяндады. Жоба аясында ҚХР-дың Exeed және Kaiyi секілді брендтері бір өндіріс алаңында бірігеді. Қытайлық серіктестермен көлікті ұсақ бөлшектерден құрастыру туралы толыққанды келісім жасалған. Бұл жобаға салынған инвестицияның жалпы көлемі – 72 миллиард теңге. Бастапқы кезеңде 1500 жаңа жұмыс орны ашылады. Зауыттың өндірістік қуаты жылына 80 мың автомобиль шығаруға жетеді. Өнім ішкі және сыртқы нарықта сатылады, соның ішінде Орталық Азия мен Кавказ аймағы елдеріне экспортталады;

Сондай-ақ ол компанияның Астана қаласындағы инфрақұрылымдарды дамыту ісіне қатысуы жөнінде мәлімет берді:

  • биыл кәсіпорын сауда-базар кешенін салып бітіруді және көпбейінді медициналық клиника құрылысын бастауды, сондай-ақ Agro Park көтерме сауда және тауар тарату орталығының құрылысына кірісуді жоспарлап отыр;

Фарух Махмудов компаниялар тобы Алматының туризм кластерін дамытуға қатысты бірқатар жобаны жүзеге асырып жатқаны туралы айтты:

  • оңтүстік астананың символы әрі тарихи ғимараты саналатын Almaty қонақ үйіне реконструкция жасау жұмыстары басталған. "Просвещенец" рекреациялық орталығы мен Қонаев қаласындағы көпфункционалды демалыс орталығының құрылысы жүргізілуде;
  • компанияның Батыс Қазақстан облысындағы Ақсу және Кеңтүбек елді мекендерінде су тасқыны салдарын жоюға үлес қосқаны жөнінде баяндады. Фаррух Махмудов отандық бизнеске ұдайы қолдау көрсететіні үшін Президентке алғыс айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев компанияның бастамаларын оң бағалап, жаңа жобаларды жүзеге асыру ісіне табыс тіледі.

Мемлекет басшысы мұның алдында Эверест шыңын бағындырған алғашқы қызық қызымен кездескен болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: